Myschool MySchool

«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

RU
ENG

7 Мая

Құрметті оқырмандар, 7 мамыр мерекесімен құттықтаймын, ешкім ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды, жеңіс үшін ардагерлерге рахмет, мектебіміздің барлық оқушыларын осындай айтулы мерекемен құттықтаймыз

Құрметті Ж.Сыдықов мектебінің ару қыздары! Сіздерді 8-10 сынып қыздары арасында өтетін «Мисс Ж.Сыдыков» жарысының кастингіне шақырамыз✨ Конкурс талаптары хабарландыруда берілген. Мектебімізде алғаш өтетін конкурсымыздың жеңімпазы бол!!!!
Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің психологі Кыдырманова Ардақ Нурхановна 4-сынып оқушыларымен "Мен 5-ші сыныпқа барамын " атты тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: 4-сынып оқушыларын орта буынға бейімдеу мақсатында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінде 23-24 ақпан күндері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектепішілік би жарысы өтті.
«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің кітапханашылары 1-ші сынып оқушыларын оқырмандар қатарына қабылдады. Мақсаты: Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

1 ақпан

"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ қаңтар айында облыстық

"Ұшқыр ой алаңы"

пікірсайысының мектепішілік кезеңі өтті. Мектепішілік кезеңге 9-11 сынып оқушылары қатысты

17 қаңтар

"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17.01.2022 жылы

"Мен-өз елімнің Патриотымын!"

атты тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарын мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілер бірігіп өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларымызға патриоттық сезімді дарыту

30 желтоқсан

"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

"Өзін-өзі басқару ұйымы"

Барша қазақстандықтарды жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтады. Отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға табыс, дендеріңізге саулық тілейді

13 желтоқсан

13.12.2021 жылы «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Пилоттық жобадағы жас құтқарушы» кадет сыныбының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған облыстық іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара қонақтары болып аудан әкімінің орынбасары Ғ.О.Есжанов, Алматы облысының төтенше жағдайлар бөлімінің бірінші орынбасары Е.Д.Ахашев, Ақсу аудандық азаматтық қорғаныс істер майоры Н.Жақсыбаев, Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы А.Айтбайұлы, Ақсу ауданының Прокурорының орынбасары А.А.Сабырбаев, Аудандық ІІБ басшысы Д.Қ.Сакенов қатысты. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Мектеп оқушыларына ұлт патриоты, елдің қорғаны болуға үлкен танымдық іс-шара болды. Жас құтқарушылар кадет сыныбы өз өнерлерін көрсетті, мектебіміздің 9 сынып оқушысы Ошан Қасен «Әлия» әнін орындап, Аудандық Исатай Исабаев атындағы өнер мектебінің "Томирис" би тобы «Білезік биін» биледі, "Жас құтқарушылар" сыныбы іс-шараны салтанатты-шерумен аяқтады.

10 қараша

2020-2021 оқу жылы 8 қараша мен 10 қараша аралығында

"Мектеп лигасы"

баскетбол спорттық ойнынан 8-11 сынып оқушылары арасында жарыс өткізілді. 1 орынды 11 сыныптар,2 орын 9 сыныптар, 3 орынды 8 сыныптар жеңіп алды.

9 қараша

"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3 қараша күні

"Мектеп лигасы-2021"

спорттық жарысы негізінде 6-7,8-11 сыныптар арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.

12 қазан

11.10.2021 күні "Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

"Жас құтқарушылар"

7 "А" сыныбы және

"Жас сарбаздар"

7 "Ә" сыныбы кадеттерімен бірге Төтенше жағдайлар бөліміне ашық есік күніне барып, осы бөлімде қолданылатын техникалармен және құрал-жабдықтармен танысып қайтты.

9 қазан

"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директоры Сыздықбаев Әділжан Махмұтжанұлы пікір сайысқа оқушыларды дайындау үстінде. Мектебімізде пікірсайыс клубы құрылған және клуб мүшелері аудандық және облыстық пікірсайысқа қатысуда. Оқушыларымызға алдағы сайыстарда сәттілік және жеңістер тілейміз.

21 қыркүйек

"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 оқу жылында мектеп президентін сайлау басталды. Бүгін 21.09.2022 жылы 3-кезең пікірсайыс түрінде өтті. Пікірсайыс Линкольн-Дуглас форматында өтті. Формат бойынша үміткерлер өз кейстерімен таныстырды. Сұрақтарға жауап беріліп, әділ қазылар өз ойларымен бөлісті. Әділ қазы мүшелері - мектеп директоры:Сыздықбаев Әділжан Махмұтжанұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мұратұлы Азамат және мектеп президенті: Орал Анель. Үміткерлерге сәттілік тілеп, мектеп директоры өзінің кеңестерімен бөлісті. Келесі кезең 23.09.2021 жылы дауыс беру бюллетеньдері арқылы өтеді. Үміткерлерімізге сәттілік тілейміз. Тек мықты жеңіске жетсін. Педагог-ұйымдастырушы: Абдықадыр А.Қ.

9 қыркүйек

"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 Жаңа оқу жылының басталуына байланысты 2021 жылдың қыркүйек айының 01-23-не дейін Республикалық "Назар аударыңыз Балалар" атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл акция балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, балалардын қатысуымен апаттарды азайту мақсатында өткізілді.

6 қыркүйек

"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кадет сыныптары "Жас құтқарушы" және "Жас сарбаз" оқушыларымен мектебімізде саптық дайындық бойынша әскери сәлемдесу тақырыбында өткізілген сабақтан үзінді.

6 қыркүйек

"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ 2009,2010 жылғы түлектері Құндызбай Дидар мен Мухаметханов Арман мектебімізге спорттық құрал-жабдықтар табыстады. Мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.

8 наурыз

Құрметті ұстаздар!!! Сіздерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасыларыңызға бақыт, жұмыстарыңызға табыс тілейміз

Жаңа жыл

Баршаңызды келіп жеткен жаңа жылмен құттықтаймыз, жаңа жылда сіздерге бақыт пен денсаулық тілейміз

Мектеп жаңалықтары

29 желтоқсандағы жаңалықтар

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы "Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1"А" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі: Сатыбалдина Гулнар. "Қуыршақ театры" үйірмесі. Ертегіні сахналау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту. Сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету арқылы "Қуыршақ театры" үйірмесін өткізді.

28 желтоқсандағы жаңалықтар

Шахматтан жаңа жылдық турнир

Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебінде жаңа жыл мерекесіне орай 2020 жылдың 25 желтоқсанында мектепішілік оқушылар арасында шахматтан онлайн түрде, lichess.org сайты арқылы дене шынықтыру пән бірлестігімен «Ж.Сыдықов-Arena» атты турнир ұйымдастырылды. Ойынға 4-5-6 сынып оқушылары қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша 1 орынды 6 «Ә» сынып оқушысы Сержанұлы Назар, 2 орынды 4 «А» сынып оқушысы Болат Арафат жеңіп алса, 3 орынды 5»Ә» сынып оқушысы Қабдрахман Әділ Арманұлы иеленді. Ойын автоматты түрде жеребиленіп, жеңімпазды онлайн түрде /lichess.org сайты анықтап берді. Алдағы уақытта шахматтан, дойбыдан, т.б. логикалық ойын түрлерінен сайыстарды өткізуді жоспарланып, іске асыру жұмыстарын жүргіземіз.

error, bad internet connection