MySchool

«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Біздің мектеп туралы

«Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мектеп - білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі

Мектеп 1977 жылы қаңтар айында Чапаев атындағы орта мектептен бөлініп шығып, жаңа ғимаратқа қоныстанды. 1977 жылы «Октябрьдің 60 жылдығы» аты берілді. 1993 жылы ұстаздар мен ата-аналардың сұранысымен мектепке академик, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, жерлесіміз Жүрімбек Сыдықовтың есімі берілді.

Мектеп тарихында мектеп басшысы қызметінде Мұқанғали Әбішев, Амантай Ысқақов, Бағдат Ақтаева, Зәуреш Бейісова, Айғали Әубәкіров, Бақыт Білісбекова, Мұрат Фазылжанов, Аян Тұрсынбайұлы басшылық етті. 2015 жылдан мектепті Алмагүл Байтұрсынқызы басқарып келеді. Мектеп қабырғасында жыл сайын 500-ден аса оқушы білім алуда. Мектеп ұжымында 77 мұғалім қызмет жасайды. Ұстаз – жас ұрпақтың сәулеткері. Шәкірттеріне ұлттық құндылықтарын дарыта білетін құрмет тұтар ұстаздарымыз бар. Мектеп директоры А. Б. Тұрарбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған, А. Р. Оспанова ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Б. С. Еркінбекова «ҚР тәуелсздігіне 25 жыл» төсбелгі иегері, Ғ. А. Абдрахманова «Үздік кітапханашы» төсбелгі иегері, К. Е. Бакеева Білім беру саласында айырықша еңбегі үшін "Жылдың үздік мұғалімі" төсбелгі иегері С. Т. Сейсенбаев «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгі иегері, Ұ. Д. Аланбаева Республикалық педагогикалық байқаудың «Ы. Алтынсарин-2019» куәлігі мен медаль иегері, Г. С. Сатыбалдина Білім беру саласында айырықша еңбегі үшін "Жылдың үздік мұғалімі" төсбелгі иегері, Г. Т. Садақбаева Білім беру саласында айырықша еңбегі үшін "Жылдың үздік мұғалімі" төсбелгі иегері, Т. Е. Жексембеков «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгі иегері. Т. С. Чудабаев «Отан патриоты» төсбелгі иегері, З. С. Жонкешова ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

2014 жылдан бері 20 оқушымыз «Алтын белгіге» бітіріп, бүгінде туған еліміздің түрлі саласында қызмет етуде. Олар: Масалимов Жандос, Мереке Арайлым, Айқын Ерген, Қайратова Балауса, Қаулыбек Айзада, Қаулыбекова Әсел, Нұрлыжігітов Жарқын, Мұхаметмолдина Шынар, Қаулыбек Альбина, Абдрахманова Айым, Жансұлтан Дархан, Айтанова Ақерке, Оралбекова Айзада, Воронцова Риана, Әсет Гүлжан, Куспанова Айзада, Сламбек Дина, Айдосқызы Алтын, Үкібаева Жанна, Беделхан Дильназ.

Барлық мұғалімдер саны - 77
Педагог-шебер - 1
Педагог-зерттеуші - 16
Педагог-сарапшы - 15
Педагог-модератор - 27